Мексикалық бокс жұлдзы Сауль "Канело" Алвьарес өз елінің ұлттық командасының Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы ойынын зер сала тамашалап жүр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Топтық кезеңнің бірінші турында Мексика Польшамен тең түссе (0:0), екінші турда Аргентинадан ұтылып қалды (0:2).
Осыған байланысыты Альварес әлеуметтік желіде былай деп жазыпты: "Аргентинаны құрметтеймін. Бірақ мен соңғы жасушама дейін мексикалықпын".
Енді С тобындағы үшінші тур ойындары 30 қарашада өтеді. Ол күні Польша - Аргентина, Сауд Арабиясы - Мексика жұптары ойнайды.