Футбол
10 наурыз 2022 08:08

Қанды қырғын. Футбол матчі кезінде 17 адам өліп кетті

©Independent.ie

Футболдан Мексика чемпионатында "Атласпен" матч кезінде (0:1) "Керетаро" фанаттары қанды қырғын салды. Олар трибунада орындықтарды, қоршауды жұлып қару қылып, төбелескен. Сосын алаңға жүгіріп шығып, VAR құрылғысын қиратқан. Тіптен балаларға да қоқан-лоқы көрсеткен екен: балалардың бірін қарсылас команда футболкасын шешуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды "Матч ТВ".

Ресми мәлімет бойынша, 26 адам зардап шегіп, екеуі ауыр жағдайда. Журналист Давид Медрано 17 адам мерт болғаны туралы айтқан, алайда, кейін кешірім сұрап, бұл мәліметті жоққа шығарды. Бірақ әлеуметтік желіде адамдар мұндай қырғын адам шығынынсыз болғанына сенбейді және журналисті қорқыту арқылы сөзінен айнытқан деген ойда. 

Бұл оқиғадан кейін кінәлілер жазаланып, өмір бойы футболды стадионнан тамашалай алмайды. Сонымен қоса, бірнеше шенділер мен полиция өкілдері де қызметінен қуылды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport