Канаданы тас-талқан еткен Хорватия топта көш бастады

©FIFA

Әлемнің вице-чемпионы Хорватия құрамасы Катардағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

F тобындағы алғашқы турда Хорватия құрамасы Марокко футболшыларымен тең түскен. Ал бүгін Канадамен ойнады. Канада болса, алғашқы ойынында Бельгиядан 0:1 есебімен ұтылған.

2-минутта Канаданың басты жұлдызы Альфонсо Дэвис гол соқты.

Бірақ хорваттар үзіліске дейін есеп айырмасын қысқартып қана қоймай, алға шығып үлгерді. 36-минутта Андрей Крамарич көзге түссе, сегіз минуттан соң Марко Ливайя "шақпақтардың" екінші голын соқты.

Ал 70-минутта Крамарич дубль авторы атанды. Кездесу соңына қарай канадалықтардың қателігінен кейін Ловро Майер матч нүктесін қойды - 4:1.

Осы ойыннан кейін Хорватия 4 ұпаймен F тобында көш бастады. Екінші орындағы Мароккода да төрт балл. Үшінші орындағы Бельгияда үш ұпай бар. Ұпай еншілей алмаған Канада құрамасы соңғы орында. Осылайша, Канадалық команда плэй-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар