Камо Оганесян "Қайраттан" елордалық "Астанаға" ауысуы мүмкін, деп хабарлайды "Записки Арарата/Мамбреян Арарат" телеграм-арнасы.
"29 жастағы "Қайраттың" қорғаушысы карьерасын Қазақстанда жалғастырады. Оның келесі командасы "Астана" болмақ. Осыған дейін БАҚ өкілдері Оганесянға Ресейдің екі командасынан және Кипрдің бір командасы қызығушылық танытқанын жазған", - деп жазады армениялық телеграм-арна.
Осыған дейін Оганесян Қазақстанда "Жетісу" сапында доп тепкен. Transfermarkt сайты Армения құрамасының ойыншысын 900 мың еуроға бағалап отыр.