Камбэк. "Реал" Ла Лига маусымында алғаш рет ұтылды

©vprognoze

Мадридтің "Реалы" Испания чемпионатының 13-турында сырт алаңда "Райо Вальеканомен" кездесті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Корольдік" клуб биылғы ішкі біріншілікте алғаш рет ұтылды.

"Райо Вальекано" "Кампо де-Валекас" стадионында "корольдік" клубты қабылдап 3:2 есебімен жеңді. Алаң иелері сапында Комесанья (5-минут), Альваро Гарсия (44-минут) және Оскар Трехо (67-минут, пенальти) гол салса, "бланкос" сапынан Лука Модрич (37-минут) пен Эдер Милитао (41-минут) ерекшеленді.

Аталмыш матчта Карло Анчелотти шәкірттері 1:2 есебімен ұтып жатқанына қарамастан, жеңісті есепті сақтай алмады. Осылайша, маусымда алғаш рет ұпайдан қағылған "Реал" 13 турдан кейін турнир кестесінде 32 ұпаймен екінші орынға түсіп қалды. Ал 34 ұпайы бар "Барселона" көш басына шықты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport