Бүгін, 5 мамырда Чемпиондар лигасының финалына шыққан екінші команда анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мадридтік "Реал" 1/2 финалдық қарымта матчте өз алаңында "Манчестер Ситимен" ойнады. "Сантьяго Бернабеу" стадионындағы ойын 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. 73-минутта Рияд Махрез англиялық команданы есепте алға шығарды.
Алайда 90-минутта Родриго есепті теңестіріп, бір минуттан кейін дубль жасап, қосымша уақыт белгіленді.
95-минутта Карим Бензема пенальтиді сәтті орындап, 3:1 есебі тіркелді. Бұл осы матчтегі шешуші гол болды.
Айта кетейік, бірінші ойында "Сити" 4:3 есебімен ұтқан. Жартылай финалдық өзге ойында "Ливерпуль" екі матч есебі бойынша испаниялық "Вильярреалдан" басым түсті - 2:0 и 3:2.