Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық "УЕФА Даму Кубогі" жарысының екінші ойынында алаң иелері Эстониямен кездесті, деп жазады ҚФФ баспасөз қызметі.
Александр Кузнецовтың командасы 0:2 есебімен ұтылып жатып, тоқсаныншы минутта таразы басын теңестіре алды. Пенальти сериясында Эстония ойыншыларының жолы болып, 8:7 есебімен жеңіске жетті. Жасөспірімдеріміздің келесі ойыны 1 мамырда Фарер аралдарынан келген құрдастарына қарсы өтеді. Ойын елорда уақытымен 13:00-де басталады.