Камбэк жасаған "Астана" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне шықты

©Астана ФК

"Астана" футбол клубы Тбилисиде "Динамоны" ұтып, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті. Отандастарымыз сырт алаңдағы қарымта ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Massaget.kz сайты.

Бір апта бұрын "Астана Аренадағы" ойында командалар 1:1 есебімен тең тарқасқан.

Тбилисидегі қарымта ойынды алаң иелері ширақ бастады. 22-минутта Усман Камара есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды.

Екінші таймды да "Динамо" шабуылмен бастап, есепті еселеуге аз қалды. Алайда 50-минутта Абзал Бейсебеков алға ұмтылып, таразы басын теңестірді. Араға бір минут сала Дембо Дарбо есепте елордалық команданы алға шығара білді. Оның асқан шеберлікпен тепкен добын Гиорги Лория қайтарғанмен, доп қақпа торында тулады. Осылайша, Григорий Бабаян шәкірттері камбэк жасай білді.

Қос ойын қорытындысы бойынша "Астана" екінші іріктеу кезеңіне шықты. Бұл кезеңде отандастарымыз Загребтің "Динамо" командасымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: