Канкунда (Мексика) өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде "Қазақстан" сокка құрамасы Нидерланды құрамасына қарсы ойында жеңісті уысынан шығарып алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойын барысында қазақстандықтар 2:0 есебімен алға шыққанымен, нидерландтар есепті теңестіріп, матч 2:2 есебімен аяқталды.
Бұған дейін "Қазақстан" құрамасы Франциямен 1:1 есебімен тең ойнаған, ал екінші турда Уругвайды 4:1 есебімен таза жеңген еді.
Сокка - мини-футболға ұқсас командалық ойын. Команда құрамында алты ойыншы болады және алаң көлемі үлкенірек. Әр матч 25 минуттық екі таймнан тұрады, ал алаңға қақпашыдан бөлек бес ойыншы шығады.