"Кальяри" бас бапкерсіз қалды
"Кальяри" командасының басшылығы бас бапкер Леонардо Семпличиді қызметінен босатты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Кальяри" командасының басшылығы бас бапкер Леонардо Семпличиді қызметінен босатты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Семпличи биылғы жылдың ақпан айында "Кальяри" тізгінін ұстаған болатын. Алайда жаңа маусымдағы үш матчта команда небәрі бір ұпай еншіледі. Нәтижесінде "сардиниялықтар" турнир кестесінде 17 орында тұр.
Бас бапкер қызметінен қуылғанымен, оның көмекшілері – Андреа Консуми, Юрий Фабрицци Россано Касони мен Алессио Рубичинилер командада уақытша қалмақ.
Еске салайық, 54 жастағы Леонардо Семпличи осыған дейін Италияның СПАЛ, "Пиза" және "Фиорентинаның" 19 жасқа дейінгі командаларын жаттықтырған.
Жарнама