Қалуы мүмкін. Мессиге қатысты жаңа деректер пайда болды

Сурет: Eurosport
Аргентиналық TyC Sports басылымына сілтеме жасаған Испаниялық Football Espana порталы "Барселонаның" 33 жастағы капитаны Лионель Месси карьерасын қайда жалғастыратынына қатысты мән-жайды хабарлады,- деп жазады "Чемпионат".

Ақпарат бойынша, аргентиналық футболшы "Барселонамен" 2021 жылға дейінгі келісімшартты толық орындайтынының ықтималдығы жоғары - 90 пайыз. Футболшының болашағына қатысты шешуші күн 3 қыркүйек болмақ. 

Мұның алдында Месси клуб басшылығына командадан кеткісі келетінін хабарлаған еді. Аргентиналықты "Манчестер Сити" сапына қосуға дайын екені де айтылған. Дегенмен каталондық команда шабуылшыны ұстап қалудың бар амалын жасап жатыр. Атап айтқанда Месси командада қалса, "Барселона" президенті Жозеп Мария Бартомеу қызметінен кетуге де дайын екенін мәлімдеген. 
Жаңалықтар