Футболдан бірінші лиганың 18-турында "Оқжетпес" пен "Қайсар" арасындағы ойын тең есеппен аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Көкшетаудағы матч 1:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері кездесудің 92-минутына дейін ұтылып жатқан еді. Соңғы минуттарда бұрыштама добын орындау кезінде қақпасын тастап келген Александр Довгаль биік ұшқан допқа бірінші жетіп, таразы басын теңестірді.