Қазақстанның U19 құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Ирландияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
1-топтың алғашқы ойынында Кирилл Кекердің шәкірттері Ирландия командасымен кездесті. Матч Нидерландтағы Одензал қаласында өтті.
Қайрат клубының қақпашысы Шерхан Қалмырза бастапқы құрамда алаңға шықты және бірнеше рет қарсыластың қауіпті соққыларын қайтарып, команданы голдан құтқарды.
Кекер командасы бұл кездесуде 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз әрі әдемі голды алматылық шабуылшы Азамат Тұяқбаев соқты.
90-минутта Кәрім Мұхамеджан қызыл қағаз алып, Қазақстан құрамасы матчты бір ойыншы кем аяқтады.
Келесі турда, 15 қараша күні Қазақстан құрамасы іріктеу өтіп жатқан ел - Нидерланды командасымен кездеседі, ал 18 қарашада Кипр құрамасымен ойнайды.
Айта кетейік, Нидерланды құрамасы алғашқы турда Кипрді 7:0 ойсырата ұтқан болатын.
Жарнама