Жарнама

Футбол
Бүгін 14:40
 

Қақпашы соңғы минутта гол соғып, командасын жеңілістен құтқарып қалды

  Пікірлер

blog.share

Қақпашы соңғы минутта гол соғып, командасын жеңілістен құтқарып қалды ©MLS

"Торонто" футбол клубының қақпашысы Лука Гавран "Филадельфия Юнион" командасына қарсы өткен MLS тұрақты чемпионатының матчында өз ұжымын жеңілістен құтқарып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Торонто" футбол клубының қақпашысы Лука Гавран "Филадельфия Юнион" командасына қарсы өткен MLS тұрақты чемпионатының матчында өз ұжымын жеңілістен құтқарып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч аяқталар тұста Гавран стандартты жағдай кезінде қарсылас айып алаңына барып, баспен дәл соққы жасап, есепті теңестірді.

Нәтижесінде кездесу 3:3 есебімен аяқталды.

Лука Гавран 25 жаста және MLS тарихында гол соққан үшінші қақпашы атанды.

Матчтан кейін ол бұл сәтті былай еске алды: «Не болғанын өзім де түсінбей қалдым. Шамасы, соңына 10 секундтай уақыт қалған еді. Қосалқы құрам жаққа қарасам, бәрі алға бар деп ишара жасап жатыр. Сосын “жарайды, тағы бір рет көрейін” деп ойладым. Кейін не болғанын өздеріңіз білесіздер. Мен бір кезде шабуылшы да болып ойнағанмын», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін мұндай жетістікке "Коламбус Крю" қақпашысы Уильям Хесмер 2010 жылдың 16 қазанында "Торонто" командасына қарсы ойында қол жеткізген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!