Футболдан Индонезия чемпионатында сынға түсетін "Торнадо" командасының ойыншысы матч кезінде көз жұмды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Ваганоға" қарсы өткен кездесуде футболшы қарсылас команда ойыншысымен қақтығысып қалған. Нәтижесінде 20 жастағы футболшы басына соққы алып, есінен танып қалды.
Қақпашыны жедел түрде ауруханаға алып кеткен. Өкінішке қарай бірнеше күн бойы комада ес-түссіз жатқан спортшы көз жұмды.