Қақпаны қорғап тұрған. Франциялық футболшы алаңда есінен танып құлады

Сурет: segodnya.ua©

"Бордо" ойыншысы Самуэль Калу Франция чемпионатының "Марсельмен" екінші тур матчі кезінде (2:2) алаңда есінен танып құлады, деп хабарлайды Eurosport.

Ойын кезінде "Марсельдің" жартылай қорғаушысы Димитри Пайет айып добын теппек болады, алайда, осы кезде қорғаныста тұрған Самуэль Калу құлап түскен. Алаңға бірден дәрігерлер жүгіріп шықты. 

Футболшы бірден есін жиып, ойынды жалғастырмақ ниетте болғанымен, бапкерлер штабы оны алмастыру туралы шешім қабылдады.

© Reuters

Еуро-2020 кезінде Кристиан Эриксен алаңда жүрегі тоқтап құлағаннан кейін дәрігерлер мен бапкрелер мұндай оқиғаларға жіті қарайтын болды. Қазіргі таңда "Бордо" Францияның бірінші лигасында 16-шы келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар