Кака 2024 жылғы ӘЧ-нің элиталық раундында ойнайтын құрама сапын жариялады

12 қыркүйек 2023 10:55
©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы ӘЧ-ге іріктеудің элиталық раундына қатысатын құрамды жариялады, деп хабаралйды Vesti.kz.

15 қыркүйек сырт алаңдағы Нидерланды және 20 қыркүйек Алматыда өтетін Румыниямен матчке 16 ойыншы шақырылды. Қазіргі таңда құрама Алматыда оқу-жаттығу жиынында жүр. 

Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Нұрәлем Байдулла ("Атырау"), Игита, Нарун Серіков (екеуі де - "Қайрат");

Алаңдағы йыншылар: Тайнан ("Спортинг", Португалия), Эдсон, Альберт Ақбалықов, Дәурен Тұрсағұлов, Дуглас, Жахангир Рашит, Біржан Оразов (бәрі - "Қайрат"), Азат Валиуллин, Әбдірасул Абдуманапұлы (екеуі де - "Аят"), Шыңғыс Есенаманов, Райымбек Жұма, Жомарт Тоқаев (бәрі - "Семей"), Арнольд Кнауб ("Жетісу").

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: