"Жыртқыш аңға айналады". "Ливерпуль" бапкері Холландтың "Манчестер Ситиге" ауысуына қатысты пікір білдірді

©Reuters

"Ливерпуль" бас бапкері Юрген Клопп норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холландтың "Боруссиядан" Англияның "Манчестер Ситиіне" ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Холланд "Манчестер Ситиді" күшейтеді. Ол өте мықты ойыншы. "Ман Сити" ешқашан бір футболшыға тәуелді болған команда емес. Болмайды да. Олардың стилі ерекше. Холланд енді көп гол салатын болады. Ол "Боруссияда" жүргенде көп жарақат алатын. Бірақ бабында болғанда нағыз жыртқыш аңға айналады. Өкінішке қарай, қарсыластарымыз керемет трансфер жасады", - дейді Клопп Daily Mail басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, 10 мамыр күні ағылшын клубы Дортмундтың "Боруссиясымен" Холландтың трансферіне қатысты ортақ шешімге келген еді. Нәтижесінде Норвегия құрамасының жарық жұлдызы 2022 жылдың 1 маусымынан бастап "Манчестер Ситидің" намысын қорғайды.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport