Жылдың "үздік шабуылшысы" мәлімдеме жасады

©Getty Images

Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски Парижде жылдың үздік ойыншыларын марапаттаған салтанатты іс-шарадан кейін мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Лео Месси мен Алексия Путельясты шын жүректен құттықтаймын! Барлық номинацияларда үздік шыққан спортшыларды да құттықтаймын. Өзім де жылдың "үздік шабулшысы" деген марапатқа ие болдым. Мұндай жекелей жүлдені жалғыз ойыншының алуы мүмкін емес. Барша командаластарыма алғыс айтамын", - деп жазды Левандовски твиттер парақшасында

Еске салайық, 2021 жылдың нәтижесі бойынша Роберт Левандовски "Алтын допқа" үміткерледің арасында екінші орын алды. Ол биыл барлық турнирлерде 64 гол соқты. Сонымен қатар, "Бавария" сапында Германия чемпионы атанды және Германия Суперкубогін алды. Ал "ПСЖ" шабуылшысы Лионель Месси мен әйелдер арасында "Барселона" ойыншысы Алексия Путельяс "Алтын доп" иегері атанды.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: