Жылдың ең үздік футбол клубы анықталды

©championat

2021 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік футбол клубы анықталды, деп жазады Vesti.kz.

France Football журналы ұйымдастырған салтанатты іс-шарада әлемдегі ең мықты командалардың арасында "Челси" үздік ден танылды. Лондондық ұжым биыл Чемпиондар Лигасын және УЕФА-ның Суперкубогін иеленді.

Осыған орай бас бапкер Томас Тухель пікір білдірді.

"Ерлер командасынан бөлек, "Челсидің" әйелдер командасы мен академиямыздың мықты екендігін айтқым келеді. Бұл трофейді алғанымызға қуаныштымыз. Біздің клубтың атынан әр номинацияға ұсынылған бірнеше футболшы болды. "Челсидің" барлық командасы мен қызметкерлеріне алғысымды айтамын", - деп ағынан жарылды неміс маманы.

Еске салайық, маусым қорытындысы бойынша Лионель Месси "Алтын доп" иегері атанды. "Челси" сапында Жоржиньо үшінші, ал Канте бесінші орынға тұрақтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: