Футбол
29 қазан 14:01

Жылдың ең мықты футболшысына "Алтын доп" табысталды

© LaPresse.ca

Париждегі "Шатле" театрында футболдан 2023/2024 жылғы маусымдағы ең үздіктер марапатталды. Ерлер арасында "Алтын допты" Испания құрамасы мен "Манчестер Сити" командасының жартылай қорғаушысы Родри жеңіп алды, деп хабарлайды msports.kz сайты. 

Родри өткен маусымда Испания құрамасымен Еуропа чемпионы атанды. "Манчестер Ситимен" ағылшын премьер-лигасында топ жарды. Араға 64 жыл салып испаниялық ойыншы "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ, Роналдудан кейін "Алтын допты" иеленген премьер-лигадағы алғашқы ойыншы атанды.

Әйелдер арасында "Алтын допты" "Барселона" ойыншысы Айтана Бонмати екінші жыл қатарынан иеленді. 

Ең жас талантты ойыншыға берілетін "Копа Трофи" марапатын "Барселона" ойыншысы Ламин Ямаль иеленді. Ал маусымның үздік командасы атағына "Реал Мадридтің" ерлер командасы және "Барселонаның" әйелдер командасы ие болды. 

Өткен маусымда 52 голдан соққан Харри Кейн мен Килиан Мбаппе жылдың үздік шабуылшысына берілетін Герд Мюллер атындағы сыйлықты иеленді. 

Ең үздік қақпашыға берілетін Лев Яшин атындағы марапатты екінші жыл қатарынан Аргентина құрамасы мен "Астон Вилла" командасының ойыншысы Эмилиано Мартинес жеңіп алды. 

Жылдың үздік жаттықтырушысы сыйын Карло Анчелотти иеленді. Париждегі марапаттау кешіне "Реал Мадридтің" бірде-бір өкілі келген жоқ. Осылайша, олар Винисиус Жуниордың "Алтын допты" иелене алмауына наразылығын білдірді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport