"Жылдам әрі икемді". Ресей құрамасының футболшысы Қазақстанмен ойын өте ауыр болғанын мойындады

10 қыркүйек 2019 13:11
© Eurosport
Футболдан Ресей құрамасының ойыншысы Юрий Жирков Қазақстан қорғаныста мықты ойнағанын мойындады және соңғы минутта жеңіске жеткендеріне қуанышты екенін айтты. 

Бұл жеңіс Ресейді Еуро-2020 шығуға жақындатты.

"Доп ауыр болды, соңғы минутта ұта алғанымызға қуаныштымын. Өте ауыр ойын. Менің сырым неде? Ешқандай сыр жоқ. Мен Роналдинью емеспін ғой. Бүкіл команда ойнайды. Бүгін маңызды үш ұпайды жинадық, Шотландия құрамасын әлдеқайда артқа тастап. Енді барлығы біздің қолда. Ойын аяғында соңғы пасымыз шықпай жатты. Фернандес гол сала алғаны жақсы болды. Қарсылас қорғаныста жақсы ойнады. Бокс орын қалдырмады, жылдам әрі икемді қозғалды. Қайда ойнаған ыңғайлы? Білмеймін, шатасып қалдым", - деп келтіреді Жирковтың сөзін Ресейлік футбол одағы. 

Еске салайық, Калининградта өткен матч 1:0 есебімен Ресейдің пайдасына аяқталды. Марио Фернандес 89-ші минутта гол соқты. 
Жаңалықтар