"Жуырда". "Қайрат" басшылығы Әліптің трансферіне қатысты

8 желтоқсан 2022 19:19
©Қайрат ФК

"Қайрат" клубының бас менеджері Асқар Есімов Sport24 басылымына Нұралы Әліптің трансферіне қатысты жауап берді.

"Біз бұл трансфер бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі таңда нақты ешнәрсе айта алмаймын. Себебі ақпараттық кеңістікте жалған жаңалықтар толып жүр. Жуырда білесіздер", - деді Есімов.

22 жастағы "Зенит" қорғаушысы биылғы маусымда ресейлік команда сапында алаңға 4 рет шықты.

Еске салайық, 2022 жылдың ақпан айында Әліп "Қайраттан" "Зенитке" жыл соңына дейін жалға берілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар