Футбол
15 ақпан 2022 02:53

Жүрек талмасына түскен Кристиан Эриксен алаңға қайта оралды

©brentfordfc

Даниялық жартылай қорғаушы Кристиан Эриксен "Брентфорд" сапындағы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Саутенд Юнайтедке" қарсы жолдастық матчта алаңда 60 минут ойнаған футболшы командаласына гол соғатын пас берді. Ал ойын болса 3:2 есебімен аяқталды. 14 ақпанда Эриксен 30 жасқа толды.

Еске салайық, Кристиан Эриксен өткен жылы Еуро-2020 турнирінде Дания мен Финляндия матчының бірінші таймында алаңда есінен танып қалған еді. Өмірімен 15 минут бойы күрескен жедел жәрдем қызметкерлері Кристианды ауруханаға алып кетті. Кейін белгілі болғандай ол жүрек талмасына түскен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport