1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Кеше 13:36
 

Жозе Моуринью "Реалға" оралуға қатысты мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Жозе Моуринью "Реалға" оралуға қатысты мәлімдеме жасады ©Depositphotos.com/operations@newsimages.co.uk

Мадридтік "Реал" клубының бұрынғы бас бапкері Жозе Моуринью өзінің "корольдік клубқа" қайта оралу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz Marca басылымына сілтеме жасап.

blog.share

Мадридтік "Реал" клубының бұрынғы бас бапкері Жозе Моуринью өзінің "корольдік клубқа" қайта оралу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz Marca басылымына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда 63 жастағы маман лиссабондық "Бенфика" командасын жаттықтырады және мадридтік клубпен ынтымақтастыққа ашық екенін жасырмады.

"Шындық мынада: менің "Бенфикамен" тағы бір жылдық келісімшартым бар және оны екі тарап үшін де бұзу өте оңай. Бүгінгі күні "Реалдан" нақты ұсыныс түскен жоқ", - деді Моуринью.

Айта кетейік, бұған дейін португалиялық маман "Реалды" УЕФА Чемпиондар лигасы турнирінен шығарып жібергісі келетінін мәлімдеген болатын.

Командалар арасындағы шешіші матчтердегі алғашқы кездесу 18 ақпанға қараған түні Лиссабондағы "Да Луш" стадионында өтеді. Жауапты матч 25 ақпанда Мадридтегі "Бернабеу" аренасында болады. Жеңімпаз ұжым турнирдің 1/8 финалына жолдама алады.


Еске салайық, жалпы кезеңде "Бенфика" "Реалды" 4:2 есебімен ұтып, плей-офф кезеңіндегі соңғы жолдаманы иеленген еді.

Жозе Моуринью "Реалды" 2010–2013 жылдары жаттықтырды. Оның жетекшілігімен мадридтік клуб Испания чемпионатын, Кубок пен Суперкубокты жеңіп алды.

Әртүрлі жылдары ол "Порту", "Челси", "Интер", "Манчестер Юнайтед" және "Рома" клубтарында да жұмыс істеген.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!