Футбол
Бүгін 11:11
 

Жозе Моуринью Чемпиондар лигасы тарихына кірді

  Пікірлер

blog.share

Жозе Моуринью Чемпиондар лигасы тарихына кірді ©x.com/realmadrid

Португалиялық маман Жозе Моуринью УЕФА Чемпиондар лигасының тарихында мадридтік "Реалдағы" жұмысына байланысты бірегей рекордқа ие, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Португалиялық маман Жозе Моуринью УЕФА Чемпиондар лигасының тарихында мадридтік "Реалдағы" жұмысына байланысты бірегей рекордқа ие, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның шәкірттері Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда нидерландтық ПСВ командасын ірі есеппен ұтты.

OptaJose статистикалық порталының мәліметінше, Моуринью жетекшілік еткен кезде "корольдік клуб" Чемпиондар лигасында "Сантьяго Бернабеу" стадионында өткізген 20 матчтың 17-сінде жеңіске жеткен. Тағы екі кездесу тең аяқталып, біреуінде жеңіліс тапқан.

85 пайыздық жеңіс көрсеткіші бір клубты Чемпиондар лигасында кемінде 20 рет өз алаңында жаттықтырған мамандар арасындағы ең үздік нәтиже саналады.

Моуринью тұсында мадридтік клуб Чемпиондар лигасындағы жалғыз жеңілісі 2010/11 жылғы маусымның жартылай финалындағы каталондық "Барселонамен" алғашқы матчта болды (0:2).

Еске салайық, Моуринью "Реалды" 2010-2013 жылдар аралығында жаттықтырды. Осы кезеңде команда Чемпиондар лигасының жартылай финалына қатарынан үш рет жетіп, Испания чемпионатын, Кубогын және Суперкубогын жеңіп алды.

Португалиялық маман мадридтік клубқа екінші рет биыл жазда келді. Ол "Реалмен" 2029 жылғы 30 маусымға дейін келісімшарт жасасты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!