Жозе Моуриньо не істейтінін айтты

©Sports.ru

«Ромадан» кеткен португалиялық бапкер Жозе Моуриньо болашаққа жоспарын айтты, деп жазады "Чемпионат".

«Болашағым? Мен білмеймін. Бір жыл үзіліс алатындарды түсінбеймін. Маған осымен айналысқан ұнайды, жұмыссыз жүргенді ұнатпаймын. Қазір дұрыс таңдау жасауға уақытым бар», - деп береді Моуриньоның сөзін журналист Джанлука Ди Марцио өзінің ресми сайтында.

Бапкер «Романы» 2021 жылдан бері жаттықтырып, биыл қаңтарда клубтан кетті. Бұған дейін Моуриньо «Тоттенхэм», «Манчестер Юнайтед», «Челси», «Реал Мадрид», «Интер», «Порту», ​​«Лейрия» және «Бенфика» клубтарын жаттықтырды.

Енді маман «Барселона» және «Манчестер Юнайтедке» баратыны айтылып жүр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport