| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 15:59
 

"Жоқ, бұл қалыпты емес". Гвардиола Мессидің ӘЧ-2026-дағы ойыны жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Жоқ, бұл қалыпты емес". Гвардиола Мессидің ӘЧ-2026-дағы ойыны жайлы ©Depositphotos/operations@newsimages.co.uk

"Барселона" және "Манчестер Сити" клубтарының бұрынғы бас бапкері Хосеп Гвардиола Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Мессидің 2026 жылғы әлем чемпионатындағы ойынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Барселона" және "Манчестер Сити" клубтарының бұрынғы бас бапкері Хосеп Гвардиола Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Мессидің 2026 жылғы әлем чемпионатындағы ойынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Гвардиола Мессидің күйіне тамсанды

Каталониялық маман бір кездері қол астында ойнаған футболшының мүмкіндіктері әлі күнге дейін оны таңғалдыратынын жасырмады.

"Екі матчта бес гол? Жоқ, бұл қалыпты емес. Мен Лионель Мессиді жақсы білемін, бірақ, оны мұндай деңгейде ешқашан көрген емеспін, таңғалып отырмын. Сен бәрін көріп болдым деп ойлаған сәтте ол тағы да ерекше нәрсе жасайды. Кейде ол басқа ғаламнан келген бе деп ойлаймын, себебі оның әрекеттері логикаға сыймайды", – деді Гвардиола City_Dren басылымына.

Бапкердің айтуынша, көп футболшылар үшін мұндай нәтижелілік карьерасындағы ең үлкен жетістік болар еді, ал Месси үшін бұл қалыпты құбылысқа айналған.

Әлем чемпионатындағы тарихи рекорд

38 жастағы шабуылшы турнирде керемет өнер көрсетіп келеді. Топтық кезеңнің алғашқы екі матчында ол бес гол соғып, Аргентина құрамасының басты жұлдызына айналды.

Екінші турда "альбиселестенің" Аустрияға қарсы ойынында (2:0) Месси дубль авторы атанды. Осы голдар оған Германияның бұрынғы шабуылшысы Мирослав Клозені басып озып, әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмерген атануына мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда аргентиналық жұлдыздың еншісінде әлем чемпионаттарында соққан 18 гол бар.

Аргентина плей-оффта

Екі турдан кейін әлем чемпионы атанып отырған Аргентина алты ұпай жинап, плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды.

Келесі ойында аргентиналықтар 28 маусым күні Иордания құрамасына қарсы алаңға шығады. Ал Месси өз рекордын одан әрі жақсартуға тағы бір мүмкіндік алады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!