"Жоғары деңгейдегі футболшы жоқтың  қасы". "Реалды" жеңген украин маманының пікірі

30 қыркүйек 2021 19:49
©kp.ua

"Шериф" бас бапкері Юрий Вернидуб Испания мен Молдова клубтарының ұқсастығын айтып берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Молдова чемпионатында жұмыс істеп жүргеніме тоғыз ай болды. Бірақ Чемпиондар Лигасының деңгейінде доп тебе алатын бірде-бір жергілікті ойыншы көрмедім. Кем дегенде Еуропа Лигасында өнер көрсете алатын футболшы некен-саяқ. Қарап отырсаңыз, "Реал" сапында да испаниялық ойыншылар саусақпен санарлық. Қақпашысы – бельгиялық. Тағысын тағы. Он бір футболшының ішінде тек Гутьеррес пен Начоның ғана ұлты испан. Әйтпесе корольдік клубтың академиясы әлемдегі үздіктердің қатарында ғой. Оның үстіне Испания халқы Модовадан әлдеқайда көп. Осының алдында Украинаның "Шахтеріне" қарсы алаңда кездескенімізде олардың сапында тек екі украин ойыншысы болды. Кейде менен командада не себепті молдовалықтар ойнамайды деп сұрап жатады. Егер ЧЛ деңгейінде доп тебетіндер болса әрине ойнатамыз. Алайда қазіргі таңда жоғары деңгейдегі футболшы жоқтың қасы", - дейді Вернидуб.

D тобында екі матч қорытындысы бойынша "Шериф" 6 ұпаймен көш бастап тұр. Бұл топта "Шерифтен" бөлек, "Шахтер", "Реал" және "Интер" клубтары бар. Молдовалықтар бірінші турда донецкілік клубты 2:0 есебімен жеңсе, әйгілі "Сантьяго Бернабеуде" "Реалдан" 1:2 есебімен басым түсті.  

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: