"Ливерпуль" қорғаушысы Жоэль Матип Англия Премьер-Лигасында айдың үздік ойыншысы атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Аталмыш жетістікке Матиптен бөлек, Че Адамс ("Саутгемптон"), Райан Фрейзер ("Ньюкасл"), Гарри Кейн ("Тоттенхэм"), Бен Ми ("Бернли") және Уилфрид Заа ("Кристал Пэлас") сынды футболшылар да таласты.
Камерун құрамасының экс-қорғаушысы ақпан айында Премьер-лигада төрт ойында алаңға шығып бір рет гол соқты. Сонымен қатар, бір мәрте нәтижелі пас берді.