Жоао Пауло "Қайратқа" қосылғанына қатысты пікір білдірді

Сурет: "Қайрат" ФК

"Қайраттың" жаңа ойыншысы Жоао Пауло алматылық клубқа ауысқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің өмірімде жаңа кезең басталды, енді "Қайрат" намысын қорғаймын. Осы отбасының мүшесі болғаныма қуаныштымын. Осы үшін Тәңіріме мың алғыс!" - деп жазыпты Пауло Instagram желісінде. 

Бразилиялық ойыншының "Қайратқа" ауысқаны жайлы 6 шілдеде белгілі болды. Келісімшарт 1,5 жылға есептелген. Алматылық клуб Паулоны ҚПЛ мен Чемпиондар лигасы іріктеуіндегі "Маккабимен" ойынға қосады.