"Барселона" президенті Жоан Лапорта екі жаңа ойыншымен келіссөз жүргізгенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Біз келесі маусымда екі ойыншымен келісімшарт жасастық. Оның біреуі жартылай қорғаушы. Екіншісі орталық қорғаушы. Әзірге олардың аты-жөндерін айта алмаймын", - деп жазды белгілі футбол фурналисі Фабрицио Романо твиттер парақшасында президенттің сөзін келтіріп.
Инсайдердің айтуынша, Лапортаның айтқаны "Милан" жартылай қорғаушысы Франк Кессье және "Челси" қорғаушысы Андреас Кристинсен болуы мүмкін.
Аталған екі ойыншының өз клубтарында келісімшарттары жазда аяқталатындықтан, "Барселонаға" еркін агент ретінде келеді.