Жиырма минутта үш гол. "Қайрат" Ресей премьер-лигасындағы клубты ұтты

© "Қайрат" ФК
Алматылық "Қайрат" Түркиядағы жаттығу жиынындағы жолдастық кездесуде ресейлік "Рубинді" ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

19 ақпан Белекте өткен ойын 3:2 есебімен аяқталды. "Қайрат" үш голды да бірінші таймда салды: 14-ші минутта шабуылшы Абат Айымбетов, 16-шы минут - сербиялық қорғаушы Раде Дугалич, ал 36-шы минутта польшалық хавбек Конрад Вжесиньски.

Бұған "Рубин" екінші таймда қарымта екі гол соқты. 75-ші минутта грузиялық жартылай қорғаушы Зурико Давиташвили пенальтиді сәтті орындады, ал 89-шы минутта даниялық хавбек Оливер Абильдгор.

Өткен маусымда "Қайрат" қайтадан ҚПЛ-дің күміс жүлдегері болды, ал "Рубин" Ресей премьер-лигасындағы үзіліске 16 команда арасында 13-ші шықты.