Жиру мен Мбаппе достасты

28 қыркүйек 2022 07:05
©ua-football

Франция құрамасының шабуылшысы Оливье Жиру мен Килиан Мбаппе кездесіп екеуінің арасындағы түсініспеушілікке нүкте қойды, деп жазады L'Equipe.

Құрама сапындағы оқу-жаттығу жиынында Жиру ПСЖ форварды Килиан Мбаппемен қарым-қатынасын жақсарту үшін жанынан бір елі қалмаған. Бірге тамақтанып отырған сәтте де қасынан шықпай, көңілді әңгімелер айтқан.

Еске салайық, Еуро-2020 турнирінен кейін Оливье Жиру мен Килиан Мбаппе арасында кикілжің пайда болған. Ойындардың бірінен кейін Оливье командаластарына неге пас бермейтіндерін айтқан. Ал Мбаппе болса Жирудың бұлай айтқанына қарсы болды.

Тіпті матчан кейін Мбаппе бас бапкер Дидье Дешамға баспасөз мәслихатына қатысуын сұрап, Жируға қатысты ойын ашық жеткіземін деген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport