"Жилинадан" ойсырай ұтылған "Тобыл" Конференция лигасынан шығып қалды

Сурет: "Тобыл" ФК

"Тобыл" Конференция лигасы үшінші раундындағы қарымтада словакиялық "Жилинадан" ойсырай ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сырт алаңда өткен ойында қостанайлық клуб 0:5 есебімен ұтылды.

"Жилина" екі голды бірінші таймда салды - 16-минутта Давид Дюриш, ал 41-минутта Матуш Руснак.

64-минутта Ваган Бичахчян үшінші голды салды, 17 минуттан кейін Тибор Слебодник есепті үстемеледі, ал қосымша уақытта Бичахчян дубль жасады. 

Қазақстан астанасында өткен бірінші ойында да қостанайлықтар 0:1 есебімен ұтылған, осылайша, "Тобыл" Конференция лигасынан шығып қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport