Түркиялық "Аланьяспор" сапында жалға беру құқымен өнер көрсетіп жүрген "Сассуоло" шабуылшысы Хоума Бабакар жаттығу кезінде есінен танып қалған, деп хабарлайды Football Italia.
Футболшы бірінші өзін нашар сезініп, артынша есінен танып қалады. Ол алғашқы дәрігерлік көмекті уақытында көрсетіліп, ауруханаға жедел жеткізілген. Медициналық тексеруден кейін Бабакардың есінен тану себебі жүректің қысылуы болған. Қазіргі таңда ойыншының жағдайы бірқалыпты және өміріне еш қауіп жоқ екен.
Еске салайық, кейінгі уақытта футболшылардың жүрегі ұстап қалуы жиілеп барады. Еуро-2020 тунирінде Дания мен Финляндия матчі Кристиан Эриксеннің алаңда құлап қалғанына байланысты тоқтатылған еді. Даниялық жартылай қорғаушының жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер оны уақытында жәрдем жасап, аман алып қалды.