Футбол
Бүгін 17:02

Жезушпен тістесіп алған Роналду Португалия құрамасына қатысты шешім қабылдады

©depositphotos.com/mrogowski_photography

"Алтын доптың" бес дүркін иегері Криштиану Роналду Португалия құрамасының қазіргі бас бапкері Жорже Жезуш қызметінен кеткенше ұлттық құрамаға оралуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы CNN Portugal журналисі Руй Сантуш мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дереккөз мәліметінше, 41 жастағы Роналду Ұлттар лигасының 4-туры аясында Норвегияны 2:1 есебімен ұтқан матчтан кейін маманның баспасөз мәслихатында айтқан сөздеріне көңілі толмаған.

Жанжал неден басталды?

Роналду мен Жезуш арасындағы келіспеушілік Норвегимен кездесуден кейін басталған. Сол матчта Криштиану алаңға шықпай, 90 минуттың барлығын қосалқы құрам орындығында өткізді.

Бапкерлер штабының бұл шешімі Роналдудың наразылығын тудырып, футболшы мен бас бапкер арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуіне себептердің біріне айналғаны айтылады.

Роналду Португалия құрамасынан кетіп, арты дау болды

Жағдай Португалияның Данияға қарсы келесі матчы алдында одан әрі ушықты. Роналду ұлттық құраманың жаттығуларының біріне қатыспай, кейін команда орналасқан жерден кетіп қалған.

Норвегиямен өткен кезекті матчтан кейін Жезуш баспасөз мәслихатында болған жағдайға қатысты пікір білдірді. Бас бапкер өз шешімдері мен айтқан сөздері үшін кешірім сұрауды қажет деп санамайтынын аңғартты.

Роналду Жезушпен бірге ойнағысы келмейді

Журналистің мәліметінше, дәл осы оқиғалардан кейін Роналду ұлттық құрамаға қатысты ұстанымын түпкілікті нақтылады.

Шабуылшы Португалия құрамасын Жезуш басқарып тұрған кезде ұлттық командаға оралуды жоспарлап отырған жоқ. Осылайша, футболшы мен бапкер арасындағы жанжал Роналдудың ұлттық құрамадағы болашақ өнеріне күмән келтіруі мүмкін.

Португалия Роналдусыз да жеңіске жетіп жүр

Португалия құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы төрт матчының барлығында жеңіске жетіп, ширек финалға мерзімінен бұрын жолдама алды.

Оның ішінде төрт жеңістің үшеуіне Роналдусыз жетті.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport