"Жезөкше сияқты". Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының жеңілісіне қатысты ауыр сын айтты

©https://www.instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов футболдан ұлттық командамыздың 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеуде Франциядан ұтылғанына қатысты сын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Парк де Пренс" стадионында өткен кездесу 8:0 есебімен аяқталды.

"Қазақстандағы футбол - ол жезөкше секілді, пайда жоқ, бірақ, оларға ақша төлей береді...

Жоғарыда жасы үлкен шалдар отыр, оларға жастардың ісін өзіне беріп, пайдалы дүниемен айналысатын уақыт келді!

Мәселен, жекпе-жектер қанымызда бар. Әйтпесе ол ақшаны сырқау жандар мен жағдайы төмендерге беріңдер", - деп жазыпты ол Instagram желісінде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport