Қазақстандық белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов футболдан ұлттық командамыздың 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеуде Франциядан ұтылғанына қатысты сын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Парк де Пренс" стадионында өткен кездесу 8:0 есебімен аяқталды.
"Қазақстандағы футбол - ол жезөкше секілді, пайда жоқ, бірақ, оларға ақша төлей береді...
Жоғарыда жасы үлкен шалдар отыр, оларға жастардың ісін өзіне беріп, пайдалы дүниемен айналысатын уақыт келді!
Мәселен, жекпе-жектер қанымызда бар. Әйтпесе ол ақшаны сырқау жандар мен жағдайы төмендерге беріңдер", - деп жазыпты ол Instagram желісінде.