Бүгін, 18 тамыз Алматыдағы Орталық стадионда өткен ойын 3:2 есебімен аяқталды.
"Жетісу" сапында 22-ші минутта португалиялық хавбек Педро Эуженио есеп ашты, ал 28-ші минутта болгариялық шабуылшы Мартин Тошев екінші гол салды.
"Ордабасы" сапында Александр Симчевич 39-шы минутта гол соқты. Осылайша, бірінші тайм талдықорғандықтардың басымдығымен аяқталған еді.
Ал үзілістен кейін шымкенттіктер есе қайтарды 54-ші минутта Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко есепті теңестірді, ал бразилиялық жартылай қорғаушы Жоао Пауло 63-ші минутта жеңіс голын салды.