"Жетісу" - "Тобыл" матчі Алматыда өтеді

© "Жетісу" ФК
Премьер-лиганың "Жетісу" мен қостанайлық "Тобыл" арасындағы екінші тур матчі Алматыдағы "Жас-Қыран" стадионында өтеді, - деп хабарлайды талдықорғандық клубтың баспасөз қызметі. 

ҚФФ сертификаттау мен лицензиялау бөлімі Талдықорғандағы стадионның қосалқы алаңында ойын өткізуге рұқсат бермеді. 

"Жетісу" - "Тобыл" матчі 14 наурызда өтеді, басталуы астана уақытымен 15:00.