"Жетісу" мен "Қызыл-Жар СК" арасындағы ҚПЛ-дің алтыншы тур матчіне тікелей трансляция

Сурет: "Жетісу" ФК
Бүгін, 27 тамызда Қазақстан премьер-лигасы алтыншы туры аясында талдықорғандық "Жетісу" мен петропавлдық "Қызыл-Жар СК" арасындағы матч өтіп жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Командалар арасындағы кездесу Алматы маңындағы Талғар қаласында болып жатыр, ойын Қазақстан астанасының уақытымен 16:00-де басталған. Матчті Qazsport арнасы тікелей көрсетіп жатыр. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

Екі команда да төрт ұпай жинаған, алайда, "Жетісу" бір матч артық ойнады (5). 

Кеше алтыншы тур аясында екі ойын өткен. "Оқжетпес" пен "Тараз" кездесуі 3:2 есебімен көкшетаулықтар пайдасына аяқталды, ал "Қайсар" ақтаулық "Каспийге" есе жіберді (0:1).