"Жетісу" командасы ҚПЛ-ге қайта оралды

21 желтоқсан 2022 18:04
©"Жетісу" ФК

Талдықорғандық "Жетісу" футбол командасы 2023 жылғы маусымда Қазақстан премьер лигасында ойнау үшін лицензиядан өтуге рұқсат алды, деп жазады клубтың баспасөз қызметі. 

Осылайша, өткен маусымда Бірінші лигада үшінші орында алған "Жетісу" Қазақстан премьер лигасына қайта оралады. 

Өткен маусымның басында қаржылық қиындықтарға тап болған Талдықорғанның командасы қызметкерлерін дер кезінде ауыстырып, бұл қиын сәттен шыға алды. Енді "Жетісу" командасы лицензиядан өтсе, алдағы маусымда ҚПЛ-де өнер көрсетеді. 

Еске салайық, өткен маусымның қорытындысы бойынша "Оқжетпес" және "Қайсар" командалары да ҚПЛ-ге қайта оралған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: