"Жетісу" командасы бас бапкерімен келісімшартын ұзартпады
Талдықорғандық "Жетісу" команданың бас бапкері Ринат Әлеуетовпен келісімшартты ұзартпайды. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлады.
Талдықорғандық "Жетісу" команданың бас бапкері Ринат Әлеуетовпен келісімшартты ұзартпайды. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлады.
Жас қазақстандық маман Қазақстан чемпионатында биыл бірінші мәрте жұмыс істеді. Маусым барысында "Жетісу" тек талдықорғандық жас футболшыларға сенім артып ойнаған еді. Алайда маусым қортындысы бойынша "Жетісу" соңғы орын алып, бірінші лигаға түсіп қалды.
Ал маусым аяқталған соң Әлеуетовпен келісімшарт ұзартылмайтын болды. Оған себеп, бапкердің жұмысы болмаған. Қазір Алматы облысының басшылары ауысып жатыр. Жуық арада "Жетісудің" басшылары да ауысуы әбден мүмкін. Сол себепті де бапкерге жаңа келісімшарт ұсынылмаған.
Жарнама