"Жетісу" клубына жаңа бапкер тағайындалғаны ресми хабарланды

Сурет: "Жетісу" ФК

"Жетісу" футбол клубына бас бапкер қызметіне Ринат Әлеуетов тағайындалғаны туралы хабарлады.

Бұған дейін қазақстандық маман Өскемендегі "Алтай" футбол орталығында, кейін ALASH Республикалық спорт колледжінде қызмет атқарған. 2020 жылы "Жетісу Б" бас бапкері болып, командамен өз конференциясында екінші орын алды. 

Мұның алдында оның штабына Рустам Усманов пен Денис Мамонов кіретіні белгілі болды.

Талдықорғандық клубты осы уақытқа дейін Дмитрий Огай жаттықтырған. Оның жетекшілігімен талдықорғандықтар өткен маусымда алтыншы болды.