Талдықорғандық "Жетісу" ҚПЛ-2025 14-турында "Ұлытауды" жеңіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жезқазғанда өткен кездесу қонақтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.
ҚПЛ-дың жаңадан қосылған қатысушысы "Ұлытау" есепті 21-минутта Сергей Кейлердің әдемі голының арқасында ашты.
Екінші таймның басында, 49-минутта, Руслан Болов таразы басын теңестірді. Ал 61-минутта Болов дубль жасап, Самат Смақовтың командасына жеңіс сыйлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осылайша, "Жетісу" 13 ұпаймен турнирлік кестеде оныншы орынға көтерілді. Ал "Ұлытаудың" еншісінде 12 ұпай, олар 12-орында.
Жарнама