"Жетісу" жаңа бас бапкерін таныстырды
Талдықорғандық "Жетісу" бас бапкер қызметіне 51 жастағы қазақстандық маман Эдуард Глазуновтың тағайындалғанын хабарлады.
Талдықорғандық "Жетісу" бас бапкер қызметіне 51 жастағы қазақстандық маман Эдуард Глазуновтың тағайындалғанын хабарлады.
Эдуард Глазунов бапкерлік мансабын 2003 жылы "Қайратта" бастады. 2008 жылы "Жетісуды" тізгіндеп, бас бапкер ретіндегі алғашқы маусымын өткізді. Одан кейін "Қазақмыс", "Оқжетпес", "Жеңіс" сынды клубтарды жаттықтырды. Глазунов баптаған соңғы команда петропавлдық "Қызыл-Жар" (2013 жылы) болды.
Содан бері 51 жастағы маман тек басшылық қызметте жұмыс істеді. 2016-2017 жылдар аралығында "Қайсарда" атқарушы директор ретінде, ал кейін "Ертіс" клубының спорт директоры ретінде еңбек етті. Бірақ 2019 жылдың соңынан бері жұмыссыз жүр.
Еске салайық, өткен маусымның соңында талдықорғандық "Жетісу" Премьер-лигада соңғы, 14-орынға табан тіреп, Бірінші лигаға түскен болатын.
Жарнама