Талдықорғандық "Жетісу" клубы грузиялық жартылай қорғаушы Тенгиз Цикаридземен келісімшарт жасады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
25 жастағы Цикаридзе Грузияның Гори қаласында дүниеге келген. Ол мансабын жергілікті "Дила" командасында бастаған және аталған команда құрамында жеті жыл, 2012-2019 аралығында ойнады.
Сондай-ақ ол "Шукура", "Торпедо Кутаиси" және "Чихура" командаларының намысын қорғаған. Ойыншы "Жетісуға" дейін ФНЛ-да бақ сынайтын "Томь" командасында өнер көрсеткен.