Жетінші "Алтын допты" жеңіп алған Месси мәлімдеме жасады

©Reuters

"Пари Сен-Жермен" мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси "Алтын допты" иеленгеннен кейін мәлімдеме жасады.

"Командалық жетістікті бірінші орынға қойғаныммен, тағы бір "Алтын допты" иеленгеніме қуаныштымын. Барлық серіктесім мен Аргентина құрамасына тамаша жыл үшін алғыс айтамын. 

Сонымен бірге, "Барселонадағы" бұрынғы және ПСЖ командасындағы қазіргі әріптестеріме рахметімді айтамын. Әрине отбасым мен достарыма, мені қолдаған, қасымда болған, күн сайын жетілуге көмектескен баршаға алғыс білдіремін: оларсыз мұның бәрі мүмкін емес. France Football басылымына тамаша салтанат пен сыйға рахмет. Бәрін құшақтадым!", - деп жазыпты Месси Instagram желісінде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар