Жером Боатенг бес жылға соттала жаздады

10 қыркүйек 2021 10:57
©spotbox

"Лионның" германиялық қорғаушысы Жером Боатенг отбасылық зорлық-зомбылық ісі бойынша айыпты деп танылды, деп хабарлайды "Чемпионат".

Енді ол бұрынғы сүйіктісіне моральдық өтемақы ретінде 1,8 миллион еуро айыппұл төлеуі тиіс. Бұл сомма екі ай бойына біртіндеп күнделікті төленеді.

Германия прокуратурасы футболшыны соққы кезінде жарақат салды деп айыптады. 2018 жылы футболшы Кариб аралдарындағы демалыс кезінде сүйіктісімен ұрсысып қалып, оған тап берген. Сонымен бірге, айыптаушы Боатенгті бес жылға түрмеге жабуды сұраған екен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар